АСТАНА. ҚазАқпарат – Лос-Анджелесте қытай жаңа жылын мерекелеу кезінде атыс болып, бірнеше адам көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпарат euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Атыс Лос-Анджелес орталығынан шығысқа қарай 10 миль (16 км) жерде орналасқан Монтерей-Парк қаласында болған. Мұнда шамамен 60 мың адам тұрады, оның біраз бөлігі – азиаттық қауымдастық.
Қалада ай күнтізбесі бойынша жаңа жылды қарсы алуға мыңдаған адам жиналған. Полицияның мәліметіне сәйкес, мерекеден кейін атыс болып, 9 адам көз жұмған.
Лос-Анджелес округі шерифінің департаменті күдікті ретінде ер адам іздестіріліп жатқанын мәлімдеді.
«Ол оқиға орнынан қашып кеткен және іздеуде», - дейді капитан Эндрю Мейер.
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.