Салтанатты шараны ABC телеканалы трансляциялады.
2024 жылғы «Үздік фильмдер» жүлдесі санатына «Анатомия падения», «Барби», «Прошлые жизни», «Убийцы цветочной луны», «Оставленные», «Оппенгеймер», «Маэстро», «Бедные-несчастные», «Зона интересов», «Американское чтиво» сынды картиналар енген.
«Маэстро» кинокартинасы «Оскар» жүлдесінің «Үздік бірегей сценарий» номининациясына ұсынылды. Сондай-ақ «Оставленные», «Прошлые жизни», «Анатомия падения», «Май, декабрь» фильмдері де осы санаттағы жүлдеге үміткер ретінде тізімге кірген.
«Үздік бейімделген сценарий» номинациясына «Американское чтиво», «Оппенгеймер», «Барби», «Бедные-несчастные», «Зона интересов» картиналары лайық деп танылған.
Кинопремияның «Үздік анимациялық фильм» номинациясына «Мальчик и птица» картинасы таңдалған. Аталмыш категорияға сондай-ақ «Человек-паук: Паутина вселенных», «Элементарно», «Заветное желание», «Нимона» сынды туындылар үміткер екені хабарланды.
Американың Киноөнер академиясының баспасөз қызметі бұған дейін «Оскар» премиясының 96-шы құттықтау салтанаты 2024 жылдың 10 наурызында Лос-Анджелестің Dolby кинотеатрында өтетінін хабарлаған болатын. Әзілкеш Джимми Киммел жүргізетіні айтылған.