Лос-Анджелесте түнгі тәртіпсіздіктерден кейін жағдай тұрақтала бастады
АСТАНА. KAZINFORM – Лос-Анджелестегі жағдай түнгі тәртіпсіздіктерден соң тұрақтала бастады, мәлімдеді Лос-Анджелес округі кеңесінің төрағасы Хильда Солис CNN телеарнасына берген сұхбатында.
- Бұл хаос пен қираудың алдын алу үшін адамдарды қаладан кетуге шақыру немесе эвакуациялау керек болған төтенше жағдай еді. Қазір бұл бұйрық тоқтатылды, -деді Солис.
Оның сөзінше, қалаға апаратын негізгі магистральдардың кіретін және шығатын жерлері жабық, ал адамдар шетіен жұмыс орындарына орала бастады.
Округ кеңесінің басшысы наразылық білдірушілерді сабыр сақтауға шақырды.
- Бізге бәрібір, біз бір-бірімізді де, қаланы да аямаймыз деген айқайға ерудің керегі жоқ. Бізге бұл қажет емес. Біз бейбітшілікті қалаймыз, - деді Солис.
Осыған дейін наразылық білдірушілердің қақтығысынан кейін Трамп Лос-Анджелеске Ұлттық гвардияны жібергені туралы жаздық.