Зергерлік дүкенді тонамақ болмақ қарақшыларды тоқтату үшін ғимарат күзетшісі оқ атқан.
Сауда орталығының менеджері Брент Гарднердің айтуынша, үш белгісіз адам дүкен витринасын Rolex сағатымен ұрып сындырмақ болған. Осы мезетте дүкен күзетшісі қарудан оқ атуға мәжбүр болған. Қарудың даусы шыққан соң адамдардың есі шығып, есікке лап қойған.
«Сауда орталығының іші араның ұясындай гулеп кетті. Адамдар бір-бірін таптап сыртқы есікке жүгірді», - дейді басылымға сұхбат берген куәгерлердің бірі.
Атыстан ешкім зардап шеккен жоқ. Тапталып қалу оқиғасы да тіркелмеген. Дүкен тонауға қатысқан үш адамның біреуі қолға түсті.