Лос-Анжелес әуежайында бірнеше жүздеген рейс уақытша тоқтатылды

АСТАНА. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Лос-Анжелес әуежайында кеше Boeing 737 ұшағымен болған төтенше оқиғадан кейін 300-ге жуық рейс кейінге қалдырылды,

деп хабарлайды РБК агенттігі.

3 сәуірде тағы соншалықты рейс кейінге ысырылады деп күтілуде. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Southwest Airnes әуе компаниясы оқиғаның себебі анықталғанша өзіндегі 80 Boeing 737 ұшағының сапарын уақытша тоқтатуға мәжбүр.

Естеріңізге сала кетейік, фюжеляжі тесілген Boeing 737 ұшағы 2 сәуірде Аризонадағы әскери әуежайға қонуға мәжбүр болған еді. Лайнердің бортындағы 118 жолаушының бәрі аман-есен. Southwest Airlines компаниясына тиесілі бұл ұшақ Феникстан Сакраментоға бара жатқан. 10 шақырымнан астам биіктікте фюжеляжда диаметр 2 метрдей тесік пайда болып, оқиға салдарынан салонның герметизациясы бұзылған. Нәтижесінде ұшақ төменге құлдырай бастаған.