Лотереядан 6 млн. еуродан астам ұтқан брюссельдік ақшасын алып үлгере алмай қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 наурызда ұлттық лотереядан 6 миллион еуродан астам ұтқан Брюссель тұрғыны өзінің жүлдесін алуға ол үшін бөлінген соңғы мерзім - сенбі күні де келген жоқ, деп хабарлады журналистерге ұлттық лотерея өкілі.

Жеңімпазды іздеген әкімшілік Бельгия газеттерінде үш ресми тілде (француз, голланд және неміс тілдерінде) тиісті хабарлама берді, хабарландырулар лотерея билеттерін сататын орындардың бәріне жапсырылды.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, әңгіме осы лотерея тарихындағы ең ірі ұтыс жөнінде болып отыр. Ұтыс билеті 13 тамызға дейін жарамды болатын.

Бельгиялда 2008 жылғы желтоқсанда да лотерея жеңімпазы бір миллион еуро жүлдесін алуға  келмеген жағдай тіркелген болатын.

Бельгиядағы ең ірі 100 миллион еуро болған ұтыс 2007 жылы EuroMillions лотереясында тіркелген.