Бұл туралы 26 қыркүйек күні РФ Бас прокуратурасының сайтынан хабарланды.
2011 жылдың сәуір-маусым айларының аралығында Мансұр Азимов пен Юрий Соснин лотерея ойындарында ұтып отырған. Ұтқан билеттерін олар Алтайда, «Ресей пошталарының» Маймин бөлімінде ұсынған. Азимов пен Соснин поштадан барлығы 5 миллион, 18 мың рубльді шытырлатып санап алды.
Көп ұзамай поштадағылар оларға күдіктене бастады. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында Соснин мен Азимовтың ұтысқа қол жеткізген сандарды алдау жолымен, тыйым салынған ережелермен анықтағаны расталды.
Новосібірліктер алаяқтық жасауда айыпты деп танылды. Олар 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды.