«Аумақтық әділет органдары құқық иеленушілердің өтініштері негізінде Қазақстанда қорғалатын тауар белгілерін пайдалану мәніне жоспардан тыс 161 тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша 143 құқық бұзушылық анықталды», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Вице-министрдің дерегінше, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 158-бабы бойынша 145 іс қозғалып, 128 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Сотпен тоқтатылған істер жоқ. Мемлекет кірісіне айыппұл түрінде 10 млн теңге өндірілді. Заңсыз айналымнан жалпы сомасы 60 млн теңгеден астам сомаға 35 мыңнан астам бірлік контрафактілі өнім алынды. Тексеру аясында «Chanel», «Apple», «Zepter», «Levi`s», «Louis Vuitton», «Lego», «Puma», «Toyota», «Lexus», «Наурыз», «Ассам», «Prachka» сияқты белгілі тауар таңбалары иелерінің құқықтары қорғалды», – деді Ботагөз Жақселекова.