Келушілер әр түрлі мөлшердегі 300 мың жел диірменін көретін болады, деп хабарлайды Синьхуа.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл көрме Гиннестің рекордтар кітабында тіркелген 200 мың жел диірмені орнатылған шанхайлық Happy Valley ойын-сауық бағын басып озады.
Бұдан басқа, көрмеге арнап арнайы ағаштан жасалған 10 голландиялық жел диірмені әзірленді, сондай-ақ 100-ден астам мультипликациялық кейіпкер бар.
Көрме жұмысы 4 сәуірден 10 мамырға дейін жалғасады.