Бүгін 3*3 хоккейден аралас командалық жарыс аясында қазақстандық Алексей Байдектің командасы екінші рет жеңіске жетті.
Алексей Байдек намысын қорғайтын «Сұрлар» командасы екінші ойында «Сарылар» командасын 11:8 есебімен ұтты.
Айта кетелік, кеше «Сұрлар» командасы «Көктерден» 9:8 есебімен басым түскен болатын. Жасөспірімдар Олимпиадасында хоккейден аралас командалық сын алғаш рет өткізіліп отыр.