LRT құрылысы: Сығанақ көшесіндегі жол қозғалысы уақытша өзгереді

АСТАНА. KAZINFORM – LRT учаскелеріндегі жұмыстарға байланысты қалалық полиция департаментімен келісе отырып, Сығанақ көшесінде көлік қозғалысы уақытша өзгереді. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты жазды. 

Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

«24 сәуір мен 30 қараша аралығында Ақмешіт көшесінен Түркістан көшесіне дейінгі аумақта Сығанақ көшесінің бойында көлік қозғалысын толығымен шектеу жоспарланып отыр. Ол жерде «Абу-Даби Плаза» бизнес орталығының ғимаратымен интеграцияланған 112-LRT станциясының құрылысына қатысты жұмыстар жүргізіледі», — делінген хабарламада.  

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Бұл ретте Ақмешіт көшесі мен Түркістан көшесі бойындағы қозғалыс ашық болады.

Елорда қонақтары мен тұрғындары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.