БАҚ өкілдері әкімнен LRT құрылысын қандай мердігер жалғастыратынын сұрады.
«Бас мердігер – Қытай компаниясы. Сол компания аталған нысанды құрылысын әрі қарай сала береді», - деді әкім.
Сондай-ақ, ол вагондарға да бас мердігер тапсырыс беретінін атап өтті.
«Нысанның жылжымалы құрамына (вагондарды – ред.) да солар тапсырыс береді. Бас мердігер белгілі болғандықтан, нысанды өзі аяғына дейін жеткізеді», - деді Жеңіс Қасымбек.