LRT құрылысына Халық банк көмектеседі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордадағы жеңіл рельсті (LRT) көліктің құрылысына қатысты өзекті сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«LRT бойынша:барлық нормативті-құқықтық құжаттар үкіметтік және жергілікті атқарушы органдардеңгейінде қабылданды. Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктер тиісті жұмыстардыжүргізіп жатыр», - деді қала басшысы Үкімет отырысынан кейін тілшілердіңсұрағына жауап бере отырып.

Ол өз сөзіндеқытайлық инвестициядан бас тарту туралы шешім қабылданғанын еске салды.

«Бұдан бұрынайтқанымыздай, біз қытайлық қарыздан бас тартып, 800 млн АҚШ долларын үнемдепқалдық. Біз «Халық банкпен» 3 пайыздық қарызбен 500 млн (АҚШ доллары),сондай-ақ, 100 млн (АҚШ доллары) бойынша «Бәйтерек» холдингімен келістік. Бұлқаражат жұмысты бастап кетуге жеткілікті», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар