«Қылмыстық істі тергеу аяқталды. Қылмыстық істің материалдарымен танысу басталды. Жасырынып жүрген күдіктілерге қатысты іздеу шаралары жалғасуда. Анықталған шығын сомасы 5,7 млрд теңгені құрады», - деді департамент басшысы тілшілер сауалына жауап бере отырып.
Осы орайда ол аталған іс бойынша 10-нан астам адамның жауапкершілігі тексеріліп жатқанын еске салды. Бұл тұрғыда Интерпол желісі бойынша іздестіру шаралары жүргізілуде.
«Үш адамға іздеу жарияланған. Бүгінде материалдармен танысу жүріп жатыр, осыдан кейін іс сотқа жолданады. Осы орайда ашық сот отырысы өтеді», - деді С. Перов.
Еске салсақ, Президент LRT құрылысын жеделдетуді және оған қатысты істі тергеуді тапсырған болатын.