LRT стансаларында дүкен мен дәмхана болмайды

АСТАНА. KAZINFORM — Астанадағы LRT стансаларында дүкендер мен дәмханалар ашылмайды. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев Бірыңғай диспетчерлік орталықты таныстыру кезінде айтты.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Оның сөзінше, өрт қауіпсіздігі талаптарына байланысты LRT аумағында сауда және қоғамдық тамақтану орындары болмайды.

Дегенмен стансаларда жолаушыларға арналған арнайы сауда автоматтары орнатылады. Олар арқылы кофе, су мен тіскебасар сатып алуға болады.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

CTS мәліметінше, LRT іске қосылған алғашқы кезеңде тәулігіне 25 мыңнан 45 мыңға дейін жолаушы тасымалданады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар жолақысын Face ID жүйесі, смартфон, смарт сағат және банк қосымшалары арқылы төлеуге болады.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Айта кетейік, 12 мамыр күні LRT вагондары журналистерге таныстырылды. Ал жолаушылар үшін желіні 16–17 мамырда ашу жоспарланып отыр.