Луценко Тур де Франстың жалпы есебінде үздік 10-дықтан шығып қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Тур де Франс» көпкүндігінің 12-ші кезеңі аяқталып, пелотон тауда 165,1 шақырымды басып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Астаналық шабандоз Алексей Луценко мәреге 16-шы болып келіп, жарыстың жалпы квалификациясында тоғызыншы орыннан 11-ші орынға түсіп қалды. Джо Домбровски 29-шы, Симоне Веласко 34-ші, Андрей Зейц 41-ші, Александр Рябушенко 71-ші, Фабио Феллине 101-ші, Дмитрий Груздев 126-шы болып мәреге жетті.

«Тур де Франс». 12-ші кезең

Бриансон — Альп-д’Юэз. 165.1 км

1. Том Пидкок (Ұлыбритания, «INEOS Grenadiers») — 4:55:24

2. Луис Мейнтджес (Оңтүстік Африка, «Intermarché-Wanty-Gobert Matériaux») — 0:48

3. Крис Фрум (Ұлыбритания, «Israel-Premier Tech») — 2:06

16. Алексей Луценко (Қазақстан, «Астана») — 5:29

29. Джо Домбровски (АҚШ, «Астана») — 12:16

34. Симоне Веласко (Италия, «Астана») — 13:38

41. Андрей Зейц (Қазақстан, «Астана») — 16:07

71. Александр Рябушенко (Беларусь, «Астана») — 27:38

101. Фабио Феллине (Италия, «Астана») — 28:58

126. Дмитрий Груздев (Қазақстан, «Астана») — 33:49

Жалпы есеп:

1. Йонас Вингегор (Дания, «Jumbo-Visma») — 46:28:46

2. Тадей Погачар (Словения, «UAE Team Emirates») — 2:22

3. Герайнт Томас (Ұлыбритания, «INEOS Grenadiers») — 2:26

11. Алексей Луценко (Қазақстан, «Астана») — 10:33

42. Симоне Веласко (Италия, «Астана») — 1:09:45

53. Андрей Зейц (Қазақстан, «Астана») — 1:20:18

58. Джо Домбровски (АҚШ, «Астана») — 1:23:18

107. Фабио Феллине (Италия, «Астана») — 2:09:41

117. Александр Рябушенко (Беларусь, «Астана») — 2:21:41

131. Дмитрий Груздев (Қазақстан, «Астана») — 2:28:55





Фото: www.sports.kz