Лудоманиямен ауыратын азаматтарға консультациялық көмек көрсететін сайт іске қосылады

АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде құмар ойындар мен бәс тігудің себептері мен ауқымы туралы республикалық әлеуметтік зерттеу жүргізіледі. Бұл туралы Ашық НҚА порталына талқылауға шығарылған Қазақстан Республикасында заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл бойынша 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарда айтылған.

Фото: pixabay.com

Кешенді жоспарда 4-бағыт бойынша 42-іс-шара қарастырылған. Бағыттары мыналар:

- Қазақстанда құмар ойындар мен бәс тігудің себептері мен ауқымы туралы республикалық әлеуметтік зерттеу жүргізу;

- лудоманиямен ауыратын азаматтарға консультациялық көмек көрсету бойынша интерактивті сайтты (онлайн-чат, сенім телефоны) іске қосу; 

- жарнама туралы, байланыс туралы заңнамаға букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың (SMS, қоңыраулар және т. б. арқылы) жарнамасын жіберуге тыйым салуды енгізу бөлігінде өзгерістер енгізу; 

- құмар ойындарға тәуелділіктен зардап шегетін адамдарды медициналық оңалту жөніндегі қызметті лицензиялауды ұйымдастыру.