Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлағандай, ұшу кестесіндегі кідірістер бортсерік жіберген қателіктен, ұшақтың кешігіп келуінен, ауа райының қолайсыздығынан болды.
«Қазіргі таңда Алматы әуежайында вертикалды көрініс 180 м болса, горизонталды көрініс 3 200 метр болып тұр. Ұшақтарды қабылдау мен ұшыруға шектеу жоқ», - деді баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, Air Astana әуекомпаниясының:
КС877 Алматы-Атырау (Техникалық себеп)
КС998 Алматы-Астана (Ұшақтың кешігіп келуі)
КС909 Алматы-Сеул (Техникалық себеп)
КС889 Алматы-Атырау-Амстердам (Бортсеріктің жіберген қателігі)
Scat әуекомпаниясының:
DV735 Алматы-Cемей (Әуежайдағы метеожағдайдың қиындауы)
Вek Air әуекомпаниясының:
Z9 2025 Алматы-Ақтау (Ұшақты ауыстыру)
China Southern Airlines әуекомпаниясының:
CZ6012 Алматы-Үрімжі (Ұшақтың кешігіп келуі)
Lufthansa әуекомпаниясының:
LH647 Алматы-Франкфурт (Ұшақтың кешігіп келуі)
Air Arabia әуекомпаниясының:
G9 254 Алматы-Шарджа (Техникалық себеп) рейстері бөгелді.