Lufthansa Қазақстанға рейстерін қайта бастайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы жылы 7 ақпаннан бастап «Lufthansa» неміс әуе компаниясы Франкфурттан Нұр-Сұлтан мен Алматыға орындалатын рейстерді қалпына келтіруді жоспарлап отыр.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Рейстерді компанияның А330 әуе кемелері аптасына 2 рет орындайды.

Франкфурт - Алматы бағыты бойынша рейстер дүйсенбі және бейсенбі күндері, ал Алматы - Нұр-Сұлтан - Франкфурт бағыты бойынша рейстер сейсенбі және жұма күндері орындалатын болады.

«Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясы сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады»,-делінген хабарламада.