Lufthansa Таяу Шығыс астаналарына рейстерді тоқтату мерзімін 31 қаңтарға дейін ұзартты

АСТАНА. KAZINFORM – Германияның Lufthansa әуе компаниясы Израильдің Газа секторында жалғасып жатқан соғысына байланысты Тель-Авив пен Тегеранға және одан шығатын рейстерді тоқтату мерзімін 31 қаңтарға дейін ұзартатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Фото: x.com / lufthansaNews

Әуе компаниясы сонымен қатар 2025 жылдың 28 ақпанына дейін Бейрут қаласына рейстерді тоқтатты. 

— Шешім жергілікті және халықаралық билік органдарымен бірлесіп жүргізіліп жатқан аймақтағы қауіпсіздікті бағалау негізінде қабылданды, — деп мәлімдеді Lufthansa

Ұшуды тоқтату құрамына Lufthansa әуе компаниясының құрамына кіретін Swiss, Brussels Airlines, Austrian Airlines және Eurowings тасымалдаушылары да ұшуды тоқтатқанын айта кеткен жөн. 

— Ұша алмай қалған жолаушылар кейінірек билетке тегін тапсырыс бере алады немесе балама түрде оларға билет құнының толық сомасы қайтарылады, — делінген әуе компаниясының мәлімдемесінде.

Еске сала кетсек, бұған дейін Lufthansa Group Тель-Авивке рейстерді тоқтату мерзімін ұзартты.