Ұшқыштар 55 жасында зейнеткерлікке шығатын қолданыстағы ережені сақтауды талап етіп отыр.
Наразылық акциясы сейсенбі күні таңертеңгі 9 бен кешкі сағат 17-ге дейінгі аралықта өтеді. Бұл уақытта Франкфурт халықаралық әуежайынан ұшақ ұшпайды.
«Lufthansa басшылығы ымыраға келетіндей ұсыныс білдірмей отыр, бізге қосымша шаралар қабылдауға тура келеді. Компания клиенттеріне келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз», делінген кәсіподақ мәлімдемесінде.
Бұл соңғы үш аптада Lufthansa ұшқыштарының төртінші наразылық акциясы. Сәрсенбі күні ереуіл салдарынан барлық Еуропа бойынша 110 рейс тоқтатылды.