Луизианада дауыл үйді аударып кетті, балалы әйел ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Луизиана штатында сұрапыл дауылдан көшпелі үй аударылып, анасы мен қызы қаза тапты, деп хабарлады Сент-Мартин ауылының шерифі өзінің Facebook парақшасында.

Ассошиэйтед Пресс агенттігінің хабарлауынша, Луизианадағы оқиға АҚШ-тың оңтүстік жағалауындағы алапат дауылдың салдарынан болған. Арканзас пен Миссисипи штаттарының жекелеген аудандарына да қатты желден қауіп төніп тұр, деп хабарлайды агенттік.

«Дауыл кезінде үй ішінде болған 38 жастағы әйел мен оның үш жасар қызы мерт болды», - делінген әлеуметтік желідегі хабарламада.