Лукашенко 2025 жылғы президенттік сайлауға қатысады

Фото: Фото: akorda.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Президент Александр Лукашенко Беларусьте өтетін келесі президенттік сайлауға қатысады, деп хабарлайды Kazinform

Беларусь президенті бұл туралы «Россия-1» арнасындағы «60 минут» бағдарламасы жүргізушісінің сұрағына жауап берген сұхбатында мәлімдеді.

«Иә, Оля, мен президенттік сайлауға қатысамын», - деп жауап берді мемлекет басшысы тілшінің сұрағына. 

Еске сала кетсек, 2022 жылы Беларусь Конституциясына түзетулер енгізілді, онда ел президенті үшін шектеу – бір адамға екі мерзім қамтылған. Президенттің өзі енгізілген өзгерістерден кейін сайлауға қайта түспейтініне уәде берді.

Беларусь президентінің сайлауы 2025 жылғы 26 қаңтарда өтетінін жазған болатынбыз.