Лукашенко АҚШ-тан Беларусқа салынған санкцияларды алып тастауды өтінді

АСТАНА.  Шілденің 24-і.  ҚазАқпарат - Александр Лукашенко  Вашингтонға   Беларус еліне салынған  «АҚШ-тың  өзін   қорлап    отырған»    санкцияларды    алып  тастауды    ұсынды.

«Бұл   бастама    өзара дипломатиялық     қарым-қатынасты  толыққанды   қалпына келтіруге     белгі болады»,  дейді  беларус  басшысы. 

Лукашенконың айтуынша,   Вашингтонның  экономикалық санкциялары «ең  алдымен,   беларус өнімдерін  тұтынып отырған   американдықтарға  соққы  болған».   Президент  сондай-ақ, «АҚШ-қа   барлық өзекті  мәселелер  бойынша  сындарлы  диалог    ұсына отырып,   өзара түсіністік пен сенімді қалпына келтіру  үшін    көмек  қолын бірінші  болып созуға әзір екенін»  жеткізді. ҚазАқпарат бұл туралы  «Эхо Москвы»  радиостансасына  сілтеме  жасап хабарлайды.