Лукашенко беларусь мектептері жұмысының кестесін қайта қарауды тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Беларусь Президенті Александр Лукашенко  жалпы білім беретін мектептердің жұмыс кестесін қайта қарауды тапсырды, деп хабарлады   БЕЛТА.

«Бізге мектептің жұмыс кестесін өзгерту керек. 9-дан ерте сабақты бастамау қажет», - деді Александр Лукашенко.

Беларусь Президенті кей ата-аналар мұндай шешімге қарсы екенін атап өтті, алайда бірінші кезекте баланың денсаулығы, мектепте материалды қалай меңгергені маңызды.

 «Сондықтан жағдайды өзгертуіміз қажет, әсіресе ауылда. Балаларды автобуспен 5-7 шақырым жерден тасиды. Олар алты сағат тынығуы керек қой. Осы қалыпты ма? Ересек адамның өзі сағат алтыда тұра адмайды», - деп мысал келтірді Александр Лукашенко.

«Сондықтан білім жағынан бізге өзгерістер қажет. Қабылдау емтихандарына да аздап өзгерістер енгіздік, бұл барынша мән беруді қажет етеді», - деді Беларусь Президенті.