«Мұны «селқостық» деп түсінуге келмейді. Беларусь әріптестеріміз бізге Лукашенко бүгінгі саммиттерге қатыса алмайтынын хабарлағаны рас. Мұның себебін Беларусь президентінің баспасөз қызметі хабарлауы тиіс», - деді Песков журналистерге.
«Беларусь біздің жақын одақтасымыз, Біз Одақтас мемлекетпіз, солай қала беретінімізді білесіздер. Олар барлық халықаралық істерде, сауда-экономикалық ынтымақтастықта аса маңызды әріптестеріміздің бірі. Беларусь халқы ресейліктермен бірге аза тұтып жатқанын аса жоғары бағалаймыз. Бұл өте маңызды, бұл біздің қатынастарымыз бен одақтың деңгейін тағы бір мәрте дәлелдей түсті», - деді ол.