Лукашенко Роза Рымбаеваға «Славян базары» президенттік марапатын табыс етті
09:45, 13 Шілде 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь президенті Александр Лукашенко «Витебскідегі славян базары» фестивалінің салтанатты ашылу рәсімінде әнші Роза Рымбаеваға «Өнер арқылы - бейбітшілік пен өзара түсіністікке» арнайы марапатын табыс етті, деп хабарлайды belta.by.
Әнші бұл марапатты оның шығармашылығын мойындау деп қана емес, Қазақстанның өнеріне құрмет көрсету екендігін атап өтті.
«Беларусь пен Қазақстанның қарым-қатынасы әрдайым жылы болған. Біз оны жылдар бойы сақтап қалдық», - деді Роза Рымбаева. Ол барлық халыққа бейбітшілік, тыныштық және бақыт тіледі.