Лукашенко ҰҚШҰ Ұжымдық күштері бойынша құжатқа қол қойды

АСТАНА. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат - Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Хатшылығына Беларус президенті Александр Лукашенко қол қойған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Шұғыл әрекет етудің ұжымдық күші туралы құжаттар топтамасы келіп түскенін Хатшылық өкілі мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро. Ру сайтына сілтеме жасап.

 Ол бұған дейін 2009 жылғы маусымның 14-інде осы құжаттар топтамасына ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінде Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан басшылары қол қойғанын ескертті.