Лукашенко Viber-ді беларусьтық мессенджер деп атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Каирде Беларусь-Мысыр іскерлік форумының ашылуында сөз сөйлеген Беларусь президенті Александр Лукашенко жоғары технологиялар саласындағы беларусьтық өнімдердің жоғары әлеуетін атап өтіп, танымал мессенджер Viber-дің өздеріне тиесілі екенін атап өтті, деп хабарлайды РИА Новости БелТА-ға сілтема жасап.

«Көпшілік біздің әзірлеушілер дайындаған бағдарламалық жасақтаманы қолданып жүр. Мәселен, Viber қосымшасы», - деп мәлімдеді Лукашенко.

Viber бас кеңсесі Люксембургте орналасқан халықаралық Viber Media компаниясына тиесілі. Қосымшаны әзірлеу бөлімдері беларусьтық Минск пен Брестте және Израильде орналасқан.