Бұл туралы VI шақырылымдағы РФ Мемлекеттік Думасының вице-спикері, Ресейдің Олимпиада комитетінің президенті Александр Жуков кеше өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Беларусь Ұлттық Олимпиада комитетінің Президенті А. Лукашенкоға Лондонда ұйымдастырушылар комитеті аккредитация бермеді. Спорт саясаттан тыс па?», - деп жазды Жуков.
Лукашенко мен Беларусьтың өзге де 200-ден астам мемлекеттік шенеунігіне, қарулы күштердің өкілдеріне, бизнесмендер мен журналистерге Еуроодақ мемлекетіне кіруге рұқсат етілмейді. Себебі Брюссель Беларусьтың билік өкілдерін адам құқықтарын бұзып, оппозицияны жаныштады деп айыптауда, деп хабарлайды Утро. ру.