Лужков Латвиядан көзден таса мекенжай сұрады

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Мәскеу қаласының бұрынғы мэрі Юрий Лужков Латвиядан көзден таса тұратын мекенжай сұрады.

Бұл туралы жексенбі күні жергілікті TV3 телеарнасындағы Nekā personīga ("Жеке бас мәселесі емес") бағдарламасында айтылды деп хабарлайды "Лента.ру" агенттігі.

Латвиялық БАҚ-тың мәліметтері бойынша, Лужков Ресейдегі Латвия елшілігіне 2010 жылдың желтоқсан айының соңында құжаттар тапсырған. Тұрғылықты мекенжайға рұқсат алу үшін бұрынғы мэр Rietumu banka банкіндегі өзінің 200 мың лат көлеміндегі (РФ Орталық банкінің қазіргі бағамы бойынша, 11,5 млн. рубль) қаржысын негіз етіп көрсеткен.

Бұдан басқа Лужковқа Балтық республикасындағы бірнеше қозғалмайтын мүлік тиесілі екендігі, атап айтқанда ол Юрмала қаласындағы бірнеше қойма орынжайларына ие екендігі белгілі.

Латвияның Ішкі істер министрі Линда Мурциеце қазір Лужковтың Латвия банкі секторындағы инвестициялық қаржыларының шығу тегін билік өкілдері тексеріп жатқанын айтты. Ресей жағынан да бірлескен қызметтің бүге-шігесі тексерілуде.