Ерлі-зайыптылар некеде 30 жыл өмір сүрген. Олар 1983 жылы 28 шілдеде үйленген болатын. Отбасында екі қызы бар - Мария және Екатерина.
2012 жылғы табыстары туралы декларациясына сәйкес, РФ президентінің жекеменшігінде Санкт-Петербургтегі аумағы 77 шаршы метр болатын пәтер, сондай-ақ, Мәскеу облысындағы ауданы 1500 шаршы метр жер телімі және ауданы 18 шаршы метр гараж бар. Сондай-ақ, Владимир Путиннің қолдануында ауданы 153,7 шаршы метр пәтер және гараждық орын бар. Табысы туралы декларациясына сәйкес, президент жұбайы Людмила Путинаның жекеменшігінде ештеңе жоқ.
Ажырасқаннан кейін Людмила Путина ерлі-зайыптылардың бірге өмір сүрген кезіндегі жылдарда сатып алынған мүліктің жартысын иемденуге үмітті.