Люксембургте мұрагер ханзданың үйлену тойы мерекесі өтуде

None
АСТАНА. 20 қазан. ҚазАқпарат - Люксембургте мұрагер ханзада Гийом мен бельгиялық графиня Стефани де Ланнуаның үйлену тойына орай екікүндік салтанаттар басталуда, деп хабварлады Би-Би-Си.

Олар жұма күні үйленген болатын, алайда басты салтанат сенбі күні Люксембургтегі Құдай-ана соборында таңертең өтеді.

Гийом Еуропадағы соңғы бойдақ ханзада, сондықтан да оның үйленуііне герцогтікте ғана емес, одан тысқары жерлерде де зор ықылас білдірілуде.

Туристер жас жұбайлар бейнеленген жалаушаларды, сондай-ақ салтанатқа арнайы шығарылған шарап пен шоколадтар сатып алуда.