Люксембургтің жаңа үкіметі Ұлы герцог Анридің алдында ант берді

БРЮССЕЛЬ. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Люксембург астанасының бұрынғы мэрі, Демократиялық партияның жетекшісі 40 жастағы Ксавье Беттель мен үш мемлекеттік хатшы мен 15 министрден тұратын жаңа үкімет Ұлы герцог Анридің алдында ант қабылдады.

Либералды демократиялық партияның басшысы соңғы 19 жыл бойы үкімет басында тұрған Жан-Клод Юнкердің орнына келді.

Люксембуртің жаңа премьері өз кабинетінің ең жас мүшелерінің бірі.

Люксембугтің бұрынғы премьері Жан-Клод Юнкер 25 қазан күні Люксембургтің ұлы герцогі Анридің Дмократиялық партия жетекшісі К.Беттельге социалистер мен «Жасылдар» партиясынан жаңа коалициялық үкімет құруды тапсырғаннан кейін билік ету өкілеттігінен айырылды.