М-1 Global тұжырымында қазақстандықтар үздік деп танылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аралас жекпе-жектен М-1 Global тұжырымында жыл қорытындысы бойынша екі қазақстандық - MMA шебері Дамир Исмағұлов пен Арман Әшімов жүлдеге ие болды.

Бұл туралы «SPORTINFORM» САА хабарлайды.

Дамир Исмағұлов жылдың үздік жекпе-жек шебері атанды. Ал Арман Әшімов «Жыл жаңалығы» номинациясын жеңіп алды.

Жүлдегерлер М-1 Global компаниясының арнайы жүлделерімен марапатталатын болады.