М.Әбілязовтан түскен арыздарды енді қарамаймыз - Қ.Қожамжаров

СТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Мұхтар Әбілязовтан Тимур Құлыбаевты айыптауға қатысты және осы күні қаржы полициясы органдары тексерген мәселелер жөнінде қандай да бір өтініш, арыздар келіп түсетін болса біз оларды қарамаймыз», деді бүгін Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров.

Бұл туралы ол бүгін журналистермен болған арнайы брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, М.Әбілязовтың елдегі лауазымды тұлғалардың мемлекет қаржысын жымқыру әрекеттеріне қатысты құжаттар бойынша толық тексеру жүргізілді. «Біз бұл мәселе бойынша 40 том материалдар мен құжат жинадық. Оның әрбір томы 400-500 беттен тұрады. М.Әбілязов тек өзіне ғана қажетті, өзгелер жөнінде теріс пікір тудыратын құжаттарды ұсынды. Сол себепті біз оның өзге арыздары бойынша енді тексеру жүргізбейміз», деді Қ.Қожамжаров.