М.Әбсеметов: Айдын Айымбетовтің ғарышқа ұшуы - Қазақстан халқының кезекті жеңісі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Айдын Айымбетовтің ғарышқа ұшуы - бұл көпұлтты Қазақстан халқының кезекті жеңісі. ҚР ұлттық мұрағатының бас директоры Марат Әбсеметов осындай пікірімен бөлісті.

«Бұл маңызды ұшу болды, өйткені ол бұл сәтке көп дайындалып, біздің, қазақстандық ұлттық ғарыш бағдарламасын сәтті орындады. Қазақстан - «Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан ел. Сондықтан Айдына Айымбетовтің ғарышқа ұшуы заңдылық. Ол орбитаға ұшқан соңғы қазақстандық ғарышкер емес деп ойлаймын. Қазақстан болашаққа нық қадам басып келеді, сондықтан ғарыш зерттемелері, әлемнің жетекші ғалымдарымен ықпалдасу еліміз үшін қажет. Өйткені мемлекетіміз инновациялар мен ғылыми-техникалық ілгерілеуге ұмтылған елдердің қатарында», - деді М.Әбсеметов.

Ол Айдын Айымбетовтің ғарышқа ұшуы Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджіне оң әсерін тигізгенін атап өтті.

«Әрбір азаматымыздың жетістігі Қазақстанның имиджін көтеруге септеседі. Бұл үлкен маңызға ие. Біздің ғарышкердің ғарышқа ұшуы елімізде ғана емес, шетелдерде де оң қолдап-қолпаштауларға ие болады», - деді М.Әбсеметов.

Сонымен қатар ол А.Айымбетов жүргізген ғарыштық зерттеулер көптеген ғылыми бағыттардың дамуына септігін тигізетінін айтты.