М.Ахмади Нежад: Иран АҚШ-пен келіссөзге әзір

ТЕГРАН.   Шілденің  17-сі.  ҚазАқпарат -  Иран  Президенті Махмұд  Ахмади  Нежад     елдің ішкі ісіне  және сайлау  үдерісіне араласты  деп АҚШ-ты тағы да   айыптады,

деп хабарлайды   Associated Press агенттігі.

Иран басшысы   бұл мәлімдемені елдің  солтүстік-батысында  орналасқан  Машхад қаласында    халықтың   алдында сөйлеген    сөзінде   жасады.   «АҚШ  біздегі сайлаудың барысына араласуға тырысты.   АҚШ,  біздің тек    өзара мүдделілік пен  әділдік        негізінде  ғана    келіссөз жүргізуге  дайын  екенімізді  түсінуі керек.  Егер олар басқаша әрекет ететін болса,  біз  есімін ел ұмыта  бастаған  Джордж Бушқа берген жауабымызды береміз», - деді  М.Ахмади Нежад.

Талдаушылардың    пікірінше,   Иран  президенті  АҚШ  президенті Барак Обаманың   Иран   өкіметіне Құрама Штаттармен   қарым-қатынасты күзге  дейін   реттеуді бастауы  туралы,  олай  болмаған жағдайда   Вашингтонның   Тегранға  қарсы  халықаралық санкцияларды  қатайтуды  талап  етуге  мәжбүр болатындығы  туралы   ұсынысына  осылайша    жауап  беріп  отыр.