Осы шешім аясында 2013 жылғы 24 желтоқсаннан бастап Алдашов Марс Бақтиярұлы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары - Басқарма мүшесі болып сайланды. Өкілеттілік мерзімі -«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқармасының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін.
Осы шешіммен Алдашов Марс Бақтиярұлы «Қазақстанның даму Банкі» АҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары болып сайланды.
Марс Алдашов «Қаржы және несие», «Құқықтану» мамандықтары бойынша жоғары білім алған, экономика магистрі. Әр жылдары ҚР Ұлттық банкінде, «Қазақстанның Ипотекалық Компаниясы» АҚ, ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде қызмет еткен. ҚДБ-ға келгенге дейін «Цеснабанк» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болды.