Марат Серікұлы 1967 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі - заңгер, экономист.
Еңбек жолын 1990 жылы Шымкент облыстық агроөнеркәсіп комитетінің қаржы-есеп бөлімінің маманы болып бастаған.
1997-2015 жылдары Оңтүстік-Шығыс өңірлік көлік прокуратурасының Шымкент көлік прокуратурасы прокурорының көмекшісі және аға көмекшісі, Бас көлік прокуратурасының Ақмола көлік прокурорының көмекшісі, Бас көлік және Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратураларының әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықты бақылау бойынша прокурордың көмекшісі және басқарманың аға прокуроры, Шымкент қаласы Абай ауданы прокурорының көмекшісі қызметтерін атқарған.
2015 жылдың тамызынан бастап Шымкент қаласы Абай аудандық прокуроры болып қызмет етіп келді.