М. Аллегри Қазақстан құрамасының бас бапкері болады деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді - ҚФФ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік маман Юрий Красножан (суретте) Қазақстан құрамасындағы өзінің жұмысын жалғастырады.

Қазақстан Футбол федерациясы Sports.kz-ке хабарлағандай, келісімшартты бұзуға негіз жоқ, «Миланның» бұрынғы жетекшісі Массимилано Аллегримен келіссөздер жүргізілгені туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Еске сала кетейік, осыған дейін БАҚ ҚФФ-ның 2011 жылы жаттықтырған командасы Италия чемпионы атанған бапкермен келісім жасасуға ниетті деген хабар таратқан.