М.Арунов ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Үкіметтік байланыс қызметінің директоры қызметіне тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Мархат Даниярұлы Арунов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Үкіметтік байланыс қызметінің директоры қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Сондай-ақ ол Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Үкіметтік байланыс қызметінің директоры міндетін уақытша атқарудан босатылды.