Әуезов атындағы театр Бішкектегі гастрольдерін қазақ әдебиетінің ұлы қайраткерінің бойындағы адамгершілік, әділдік сынды қасиеттері туралы баяндайтын «Абай» романтикалық трагедиясымен ашты.
Театр көрермендерге әлемдік классиктермен қатар қазақ драматургтерінің шығармаларын да көрсетпекші. Олардың қатарында «Сыған серенадасы» мюзиклі де бар.
Қырғыз астанасына театр труппасымен бірге қазақстандық қана емес, қырғыз театр әуесқойларының көзайымына айналған КСРО Халық әртісі, Қазақстан Республикасы көрнекті өнер қайраткері, М.Әуезов атындағы қазақ академиялық театрының шығармашылық жетекшісі Асанәлі Әшімов те барды. Ол Герхард Гауптманның «Күн батар алдында» атты қойылымында басты рөлде ойнайтын болады, деп хабарлайды strategy2050.