Айта кетерлігі, М.Айтжанов өткен жылы да Халықаралық бокс қауымдастығының осы жоғары наградасына ие болған. Ол кезде Қазақстан құрамасы Алматыда өткен бокстан әлем чемпионатында 4 алтын, 2 күміс және 2 қола иеленген еді. Ал биыл бас бапкердің шәкірттері 17-ші Азиада ойындарында 6 алтын, 1 күміс, 1 қола еншіледі. Отандасымызға АИБА дипломы 24 қарашада Оңтүстік Кореяның Джеджу қаласында табыс етіледі.
17:46, 03 Қараша 2014
М.Айтжанов - бокстан әлемнің үздік бапкері
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Инчхонда өткен 17-ші Азия ойындарында шәкірттерінің үздік нәтижеге қол жеткізгені үшін «АИБА-ның үздік жыл бапкері - 2014» мәртебелі атағына ие болды. Бұл туралы ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.