ІІМ балалар лагерін террористік тұрғыдан осал объектілер тізіміне қосуды ұсынды

Фото: Фото: Алматы әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM – Ішкі істер министрі Ерлан Сәденов  Үкімет отырысында балалар демалатын орындар мен лагерьлерді террористік тұрғыдан осал объектілер тізіміне қосуды ұсынды.

- Балалар демалатын орындар мен лагерьлердегі қауіпсіздік мәселесіне келсек, бүгінде бұл нысандар террористік тұрғыдан осал объектілер тізіміне енгізілмеген. Сол себепті оларды күзетпен қамтамасыз етуге қатысты нақты талаптар жоқ. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі мен әкімдіктерге оларды арнайы тізімге енгізу ұсынылады, - деді министр.

Сондай-ақ, ол жазғы каникул кезінде «Түнгі қалада қалған балалар» рейді ұйымдаcтырылатынын атап өтті.

Еске салсақ, ақпан айындағы ведомствоның алқа мәжілісінде министр биология, информатика, ағылшын, қазақ тілі мұғалімдерінің дайындығы әлсіз екенін айтқан болатын.