Бұл реформалар мен жаңаруларды барша қазақстандар Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен байланыстырады. Сайлаудың нәтижелері мен сайлау учаскелеріне сайлаушылардың белсенділікпен келуі және Президент Н.Назарбаевқа берілген дауыс осыған дәлел болып отыр. Бұндай пікірді Парламент Сенатының депутаты Михаил Бортник айтты.
«Бүгінгі күні ұлықтау кезінде Мемлекет басшысы Қазақстанда 5 институттық реформаны іске асыру жөніндегі ұлттық жоспар жария етілетіні туралы айтты. Менің ойымша, әрбір қазақстандық ол реформаларды қолдай отырып, жүзеге асыруға бар күш-жігерін салатын болады.
Әрине, депутаттар да реформаларды жүзеге асыруды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету үшін қызмет ететін болады. Ол біздің мемлекетіміздің жарқын болашаққа қарқынды ілгерілеуіне мүмкіндік береді.
Сайлауға жастар белсенді қатысты. Мен сайлау учаскелерінде бұрын жастардың осынша белсенділігін көрген жоқ едім. Жастардың белсенділігі елдің дамуына, мемлекеттің дамуына олардың мүдделі екенін және еліміздегі реформаларды жастардың қолдайтынын айғақтап отыр. Бұл біздің бағытымыздың дұрыс екенін көрсетеді», - дейді ол.