деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.
Доктор Конрад Мюррей тергеуде, қайғылы оқиға болған күні Майкл Джексонға шын мәнінде күшті анестетик - пропофол тағайындағанын айтып берді. Құқық қорғау органындағы дерек көздің айтуынша, тергеушілер осы пропофол дәрісі әншінің жүрегінің тоқтап қалуына себеп болу мүмкіндігі туралы долбарды тексеруде.
Полиция дәрігерден екі рет жауап алды, оның Хьюстондағы емханасы мен Лас-Вегастағы үйінде тінтулер жүргізіп, құжаттар тәркіледі.
Тергеу жалғасуда.