Бұл туралы бүгін селекторлық режімдегі Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Мәжит Есенбаев мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, Кеден бекеттерін жабдықтау деңгейі мен географиялық орналасуы, сондай-ақ рәсімделетін тауарлардың құрылымы бойынша санаттау жұмыстары жүргізіледі.
«Бүгінде 107 кедендік бекет бар. Оның шінде 25-і шекарада орналасқан. Әр бекетке паспорт әзірлеу қарастырылып отыр. Аталған құжатта кедендік бекеттің қызметі ескеріліп, онда бекеттің және әр кеденшінің жұмысы регламенттеледі. Сондай-ақ тиімсіз кедендік бекеттерден бас тартылатын болады»,-деді комитет басшысы.