М. Есенбаев ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды

АСТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат - 2013 жылғы 26 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен Мәжіт Төлеубекұлы Есенбаев еңбек шартының мерзімі аяқталғанына байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды.

Бұл туралы Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы лауазымына Ғұсман Кәрімұлы Әмірин тағайындалды.