Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Мәжит Есенбаев мәлім етті.
«Біз Қытайда сияқты шекара аймағында уақытша сақтау қоймаларын көптеп салуымыз қажет. Меніңше, ондай инфрақұрылым, ең алдымен, қазақ-қытай және қазақ-қырғыз шекараларында болады», - дейді М.Есенбаев.
Комитет басшысы атап көрсеткендей, қазіргі кезде Қазақстан-Қытай шекарасында барлық кедендік тексерістерді барынша оңтайландыру жұмысы жүргізіліп келеді. «Әзірше, бұл жұмыс тек тәжірибе ретінде ғана жасалып жатыр», - дейді ол.